Жаңалықтар

Годовая финансовая отчетность за 2022 год

Годовая финансовая отчетность за 2022 год

Публикуем полную финансовую отчетность ТОО «МФО «МиГ Кредит Астана» за 2022 год

«Вопрос-ответ»: что важно знать о банкротстве физических лиц

«Вопрос-ответ»: что важно знать о банкротстве физических лиц

Полезная информация о том, как урегулировать задолженность по своим займам с кредитором в рамках процедур банкротства.

2021 жылғы жылдық қаржылық есептілік

2021 жылғы жылдық қаржылық есептілік

Біздің микроқаржы ұйымының Қазақстан нарығындағы 2021 жылғы жылдық есебін жариялаймыз.

Жылдық есеп беру 2021 06-16-2022 10-56-59.pdf

Қарыз алушылармен берешекті сотқа дейінгі реттеу қағидалары

Қарыз алушылармен берешекті сотқа дейінгі реттеу қағидалары

«Миг Кредит Астана» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі компаниясының қарыз алушылармен берешекті сотқа дейінгі реттеу қағидалары

Несиелік рақымшылыққа және борыштарды есептен шығаруға қатысты жалған ақпаратты теріске шығару туралы

Несиелік рақымшылыққа және борыштарды есептен шығаруға қатысты жалған ақпаратты теріске шығару туралы

Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының несиелік рақымшылыққа және микронесиелер бойынша борыштарды есептен шығаруға қатысты жалған ақпаратты теріске шығару туралы

Қарыз алушылармен сотқа дейінгі реттеу қағидалары

Қарыз алушылармен сотқа дейінгі реттеу қағидалары

Біздің компанияда қарыз алушылармен проблемаларды шешудің сотқа дейінгі мүмкіндіктерін реттейтін құқықтық құжаттарды жариялаймыз

2020 жылғы жылдық қаржылық есептілік

2020 жылғы жылдық қаржылық есептілік

Кәсіпорнымыздың 2020 жылғы толық қаржылық есептілігін жариялаймыз

Шағын және орта бизнес субъектілерінің микрокредиттері бойынша төлемдердің мерзімін ұзартуды ұсыну туралы ақпарат

Шағын және орта бизнес субъектілерінің микрокредиттері бойынша төлемдердің мерзімін ұзартуды ұсыну туралы ақпарат

Құрметті клиенттер, өтініштер 01.04.202ж. бастап 30.06.2021ж. дейін электронды пошта бойынша, сондай-ақ МҚҰ кеңселерінде қабылданады.

 Кейінге қалдыру туралы бұйрық рус_127_09_04_2021(ver1).pdf

Коронавирус туралы құжаттар (COVID-19)

Коронавирус туралы құжаттар (COVID-19)

Үкіметтің бұйрықтары мен ішкі бұйрықтарды жариялаймыз.

Төтенше жағдай.docx

Бұйрықты бекіту туралы Үкімет қаулысы.pdf

Барлық валюталық ипотекалық қарыздар теңгеге аударылады – Акишев

ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бұл туралы ҚР ҰБ Төрағасы Данияр Акишев басқарма отырысының қорытындысы бойынша айтып өтті, деп хабарлайды «Tengrinews.kz». Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар екі блоктан тұрады. Бірінші блок Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке берген тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген халықтың валюталық ипотекалық қарыздары бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырды. Осы бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үймен және өзге де жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген жеке тұлғалардың барлық валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге аударылатын болады», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы. Акишев Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап табысы жоқ жеке тұлғаларға шетел валютасында жаңа ипотекалық қарыздар беруге тыйым салу заңнамалық түрде енгізілгенін еске салып өтті. Ұлттық банк басшысы жаңартылған бағдарламаның негізгі шарты туралы айтты. «Ол 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша жеке тұлғалардың теңгемен алынған валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаға енгізілген толықтырулар 21 000-нан астам қарыз алушы үшін қарыздарын өтеудің оңтайлы жағдайын жасайды», - деді ол. Қаржы реттеушісінің басшысы валюталық ипотекалық қарыз алушылардың назарын бағдарлама шеңберінде қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен өзінің кредитор банкіне дереу жүгіну қажеттігіне аударды. «Бағдарламаға енгізілген өзгерістердің екінші блогы 2004-2009 жылдар аралығында қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Осы бағдарлама аясында бүгінгі таңда 23 000-нан астам қарыз алушыға көмек көрсетілді. Олар өздерінің жалғыз тұрғын үйін сақтап қалып, ипотекалық қарыз бойынша төлемдерін жеңілдете алды. Ақшаны игерудің револьверлік тетігін ескере отырып, 2026 жылға дейін қайта қаржыландырылған қарыздар саны 40 мыңға жуық болуы мүмкін деп болжануда», - деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы. Сондай-ақ, ҚР ҰБ Төрағасы бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау алдында банктермен, қоғамдық бірлестіктермен және ҚР Үкіметімен үлкен жұмыс жүргізілгенін айтты. «Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді іске асыру мақсатында Үкіметпен бірлесіп банктер үшін де, қарыз алушылар үшін де салықтық преференциялар беру бойынша жұмыс жүргізілді», - деп нақтылады Акишев. Ол Ұлттық Банк ипотекалық қарыз алушыларға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындарға көмек көрсетудің үшінші кезеңіне кіріскенін атап өтті. «Біз халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыларға мемлекеттік қолдау қажет екенін көріп отырмыз. Олардың көпшілігінде мемлекеттік төлемдер мен жәрдемақылар іс жүзінде жалғыз табыс көзі болып табылады. Және олар кредиттерін төлеу үшін оларды банктерге толығымен беруге мәжбүр. Бүгінгі таңда Ұлттық Банк маңызды заңнамалық бастамамен шықты. Оның мәні: бағдарлама шеңберінде қарыз алушының ипотекалық қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты, оған өндіріп алу нәтижесінде өз меншігіне өткен тұрғын үйді жалға беру құқығын банктерге беру. Бұл түзету қарыз алушыға бұрын өзіне тиесілі тұрғын үйді өз меншігіне қайтаруға мүмкіндік береді», - деді қаржы реттеушісінің басшысы. «Мемлекет объективті жағдайларға байланысты қиын жағдайға тап болған ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету бойынша бұрын-соңды болмаған шараларды қабылдап жатқанын атап өткім келеді. Жинақталған тәжірибені ескере отырып, қаржы реттеушісінің күш-жігері де ипотекалық кредиттеуді ынталандыруға бағытталуы тиіс деп санаймын. Қазіргі уақытта Ұлттық Банк «7-2» бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде», - деп Акишев сөзін түйіндеді.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/vse-valyutnyie-ipotechnyie-zaymyi-perevedut-v-tenge-akishev-340759/