Доллар бағамы 321 теңгеге дейін төмендеді

Астананың айырбастау пункттерінде американдық валютаны максималды сату бағамы – 321,7 теңге, Алматыда - 322,5 теңге.

Қазақстан қор биржасының (KASE) 2018 жылғы 5 наурызда өткен күндізгі сессиясында доллардың орташа өлшенген бағамы 321,15 теңгені құрады. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі биржа деректеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

KASE ақпаратына сәйкес, күндізгі сессияда АҚШ долларымен сауда-саттықта минималды бағам бір АҚШ доллары үшін 320,79 теңге, максималды бағам — 321,70 теңге, жабылу бағамы — 321 теңге деңгейінде қалыптасты. АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі 81 млн 550 мың долларды құрады. Валютамен операциялар бойынша мәмілелер саны - 251.

Астананың айырбастау пункттерінде долларды максималды сату бағамы 15:30 бойынша 321,7 теңгені, Алматыда - 322,5 теңгені құрайды.

Таңертеңгі және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша американдық валютаның орташа өлшенген бағамы 321,26 теңге деңгейінде қалыптасты.

Ұлттық Банктің 5 наурыздағы жағдай бойынша ресми бағамы 1 АҚШ доллары үшін 322,20 теңгені құрайды. 6 наурызда ресми бағамды айқындаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, 1 доллар үшін 321,26 теңгені құрайды.