Наши парнеры

Free HTML5 Template
Free HTML5 Template
Free HTML5 Template
Free HTML5 Template
Free HTML5 Template
Free HTML5 Template
Free HTML5 Template

Астанадағы микрокредиттік ұйымдар: клиенттердің жайлылығы - елдің дамуы

Астанадағы микрокредиттік ұйымдар, бүкіл әлемдегі сияқты, тұтынушылардың кірістерін растаусыз және артық кідірістерсіз, барынша тезірек кепілді микрокредит алу мүмкіндігіне ие болуы үшін құрылған. Заманауи өмір қарқыны осындай компанияларға деген сұранысты тудырды, себебі қаржылық құйылымдар күтпеген жерден қажет болып қалуы мүмкін. Бұл әсіресе бизнес саласына қатысты.

Егер сіз тауар айналымы сізге даму үшін жеткілікті қаражат әкелетінін күтуге дайын болмасаңыз немесе уақытша қаржылық қиындықтар туындап жатса, Астанадағы МҚҰ-на жүгіне аласыз - бұл барынша мұқият қарауды талап ететін нұсқа болып табылады. Егер бұдан бұрын Сіз осындай фирмалармен ынтымақтаспаған болсаңыз немесе Сіз бірінші рет микрокредит алайын деп отырсаңыз, біздің мақаламен танысыңыз, ол Сізге жалпы сала туралы және атап айтқанда «МиГ Кредит Астана» компаниясы туралы маңызды түсініктемелер береді.

Астанадағы микроқаржы ұйымдары нені білдіреді?

Бүкіл дамыған әлемде кредит кеңінен таралған, Астана - заманауи қала, мұнда кепілмен кредиттеу тәжірибесі экономиканы алға жылжытудың және инфляцияны тежеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Жалпы алғанда, қарыздар барлық тараптарға тиімді: клиенттер қажетті қаражат сомасымен, МҚҰ - сыйақымен, мемлекет – табысты қаржы айналымымен қамтамасыз етіледі, бұл жалпы алғанда көптеген көрсеткіштерді жақсартады. Сондықтан Қазақстан бүгінгі таңда микрокредиттеу көлемі бойынша Орталық Азия елдерінің арасында бірінші орында тұр. Дереккөз: http://qoo.by/2b5W

Бүгінгі таңда ақшаны шұғыл қайдан алуға болады? Егер достар мен таныстардан қарыз алуды қоспағанда, 3 ықтимал нұсқа бар:

  • кредит картасын рәсімдеу;
  • банктен тұтынушылық кредит алу;
  • Астанадағы микроқаржы ұйымынан кірістерді растаусыз кепілді микрокредит алу.

Сіздің дайын кредиттік картаңыз жоқ па? Сіздің қолыңызға ақша оны рәсімдегеннен кейін кемінде 2 аптадан кейін түседі. Сонымен қатар, Сіздің үміт артып отырған сомаңыз аса шағын, ал пайызы - айтарлықтай елеулі болады.

Астана қаласында Сізге микрокредит бере алатын түрлі қаржы ұйымдары өте көп, алайда жұмысының ерекше ұйымдастырылуы және құрылымдауына қарай микрокредит беруді мақұлдау бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Бірақ МҚҰ-ы 1 жұмыс күні ішінде өтінімді қарап, ақшаны береді!»

Астанадағы заңды МҚҰ белгілері

  1. Барлық МҚҰ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай тізілімінде тіркелуге тиіс
  2. «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңының 3-бабында аталған компаниялардың республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада кепілге микрокредит беруге құқығы бар екендігі көрсетілген. Осылайша, заңнама нормалары максималды шекті белгілейді. Бұл өте көп мөлшердегі сома емес, бірақ істі дұрыстау үшін жеткілікті.
  3. МҚҰ қарызды осы фирманың жоғары органы қабылдаған ережелер негізінде береді. Барлық шарттармен бірден танысу үшін өзіңіз таңдаған компанияның «...Ережелері» не ұсынатынын міндетті түрде қарап шығыңыз.
  4. МҚҰ әлеуетті қарыз алушының назарына барлық комиссиялардың, пайыздық мөлшерлемелердің және басқа да төлемдердің мөлшері туралы ақпаратты жеткізуге міндетті. Сонымен қатар, олар микрокредитті рәсімдеу кезінде қол қойылған шартта тіркелуі керек.

Астанадағы МҚҰ (МКҰ)туралы Заңның түпнұсқа нұсқасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000056

«МиГ Кредит Астана» МҚҰ (МКҰ) компаниясы

«МиГ Кредит Астана» МҚҰ-МКҰ ЖШС-і 2010 жылғы 01 тамызда құрылып, елорда нарығында табысты жұмыс атқаруда. Осы уақыт ішінде компания тұрақтанып, өз клиенттерінің сеніміне ие болды. 2010 жылдан бастап 01.01.2017 жылға дейінгі кезеңде 7 млрд. теңге сомасына 1535 микрокредит берілді. Осылайша, біз бір жарым мыңнан астам адамға материалдық жағдайын жақсартуға және өмір сүру сапасын жақсы жағына қарай өзгертуге көмектестік.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары «МиГ Кредит Астана» МҚҰ-МКҰ-нің негізгі микрокредиттеу субъектілері болып табылады.

Бөліністе және пайыздық қатынаста мұны келесі ретте көрсетуге болады, МҚҰ-ның негізгі клиенттері:

  • Бизнес микрокредиттер, бизнесті дамытуға арналған микрокредиттер, айналым қаражатын толықтыруға арналған микрокредиттер - 73%
  • Тұтынушылық микрокредиттер (жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін микрокредиттер, жылжымайтын мүлікті немесе автокөлікті жөндеуге, сатып алуға арналған микрокредиттер) - 17%

 

«МиГ Кредит Астана» МҚҰ-МҚҰ ЖШС-і Қазақстанның Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының тұрақты және жұмыс істеп тұрған мүшесі болып табылады. Танысу үшін сілтеме: http://qoo.by/2b60

20.04.2017 ж. жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің тізілімінде 141 МҚҰ тіркелген. 49 микроқаржы ұйымы қауымдастық мүшелері болып табылады. Қауымдастық мүшелерінің кредиттік портфелі Қазақстан бойынша тіркелген барлық МҚҰ-ның 79% -ын құрайды. Сонымен, біздің компания бизнес өкілдері үшін де, жеке тұлғалар үшін де сенімді және табысты серіктес болып табылады.

Әлеуметтік жауапкершілік деңгейі жоғары кәсіпорын бола отырып, «МиГ Кредит Астана» МҚҰ (МКҰ) ЖШС-і «Дар» қайырымдылық қорымен тұрақты негізде жұмыс істейді, сондай-ақ Астана қаласы мен Ақмола облысының балалар үйлеріне қайырымдылық көмек көрсетеді.

Кепілмен микрокредиттеу: Астанада микрокредиттіқалай алуға болады

  1. Астанадағы микроқаржы ұйымдары  жылжымайтын және жылжымалы мүлік кепілімен микрокредиттер береді
  2. Астанада микрокредиттер  әлеуетті қарыз алушы ұсынатын құжаттар негізінде беріледі. Қажетті қағаздардың тізімімен біздің сайттың тиісті бөлімдерінен танысуға болады.
  3. Кірістерді растаусыз кепілді микрокредитке өтінімді қарау 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  4. Әлеуетті кредиттік мүліктің нақты құны және оның нарықтағы сұранысы алдын ала бағаланады.

«МиГ Кредит Астана» МҚҰ-нан (МКҰ) микрокредит алудың 6 себебі

  • Барынша қысқа мерзімдер. Микрокредитке өтінімдер 1 күн ішінде қаралады, содан кейін жауабын аласыз. Бізбен бірге сарыла күту деген жоқ.
  • Сіз ақшаны өзіңізге ыңғайлы әдіспен ала аласыз: қаласаңыз, компанияның кеңсесіне келіп қолма-қол ақша түрінде, ал қаласаңыз, біз клиенттің банк картасына немесе есеп айырысу шотына аударым жасаймыз. Біз сіздің мемлекетті қорғалуыңызды қамтамасыз ететін шарт жасасудың заңды схемаларын ғана қолданамыз.
  • Қажетті сома сіздің қолыңызға ең қысқа мерзімде және жүз пайыздық кепілдікпен түседі. Сіздің сенімді болуыңыз - біздің қамқорлығымыз.
  • Қажетті құжаттардың қысқаша тізбесі. Қазіргі технологиялар кірістерді растаусыз кепілді микрокредитті рәсімдеу үшін қажет болатын қағаздар пакетін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
  • Микрокредитті ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұлдардың болмауы. «МиГ Кредит Астана» МҚҰ (МКҰ) шартында оны жасасу кезінде келісілгеннен басқа артық төлем көзделмеген.
  • Мерзімінен бұрын өтеу кезінде аз төлеу мүмкіндігі. Сыйақы пайыздары қарызды нақты пайдалану мерзіміне барабар қайта есептеледі

«МиГ Кредит Астана» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің микрокредиттеу шарттары

Микрокредиттеу бағдарламаларына және «МиГ Кредит Астана» МҚҰ» ЖШС қолданыстағы тарифтеріне байланысты микрокредиттер бойынша ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі жылдық 30% мөлшерінде белгіленеді; ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 56%. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56%-дан аспайды.

Микрокредит берудің  минималды мерзімі 61 күнтізбелік күнді құрайды.

Микрокредит берудің  максималды мерзімі 60 айды құрайды.

Микрокредитті есептеу мысалы

12 ай мерзімге 750 000 теңгеге микрокредит ресімдеу кезінде ай сайынғы төлем 34 999 теңгені құрайды. Қайтаруға жататын жалпы сома (34 999 х 12 ай) + 750 000 ОД= 1 169 988 теңге. Берешектен артық төлемнің жалпы сомасы 419 988 құрайды. Мерзімінен бұрын өтеу кезінде айыппұл сомалары есептелмейді. «МиГ Кредит Астана» МҚҰ» ЖШС клиенттеріне мерзімінен бұрын өтеуге жол беріледі.

Мемлекеттік лицензия 

Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензия №01.21.0011.М Қазақстан Республикасы Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасымен 15.03.2021 жылы берілген.

Мерзімін өткізіп алу кезінде айыппұл санкциялары

Қарыз алушының өтеу кестесін бұзғаны үшін өсімпұл мерзімі өткен тоқсан күн ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, мерзімі өткен тоқсан күн өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,03 пайызынан аспауға тиіс, бірақ микрокредит беру туралы шарт қолданылған әрбір жыл үшін берілген микрокредит сомасының он пайызынан аспауға тиіс»

Өндіріп алу әдістері

Мерзімі өткен жағдайда: сот органдарын қоса алғанда, өндіріп алудың кез келген заңды әдістері.

Біздің мекенжайымыз: Астана қ., Есіл ауданы, Қараөткел-2 шағын ауданы, Қазанат көшесі, 3-үй.



Құрметпен, «МиГ Кредит Астана» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі